АСТАНА, 21 қазан.Тәжікстанның оңтүстігіндегі Харб Майдон полигонында ҰҚШҰ-ның «Шекара-2022» оқу-жаттығуларының соңғы кезеңі басталды, деп РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Оқу-жаттығудың аңызына сәйкес, 600 қаруланған лаңкес миналанған жиһад-мобильдермен Тәжікстанның оңтүстігіне тосқауыл қою және ірі лаңкестік құрылымдардың жақындап, одан әрі Душанбеге жетуіне мүмкіндік беру үшін Ауғанстаннан мемлекеттік шекараны бұзып өтіп, биік таулы екі ауыл тұрғындарын кепілге алған.
Шекарашылар ҰҚШҰ Біріккен штабынан көмек сұраған, кейін Орталық Азия аймағының Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің бөлімшелері, әскери авиация мен артиллерияның қолдауымен ұрысқа кірді деп болжанады.
Аймақтың күрделі рельефін қолдана отырып, әскерилер «террористердің» шабуылына тойтарыс беру, оларды «жою» және «кепілге алынғандарды» босату міндеттерін орындады.
Оқу-жаттығуларға 1000-ға жуық әскери қызметкер мен 300 бірлік әскери техника қатысуда.