АСТАНА, 22 қазан.Жұма күні Йеменнің оңтүстігіндегі Хадрамаут провинциясының әкімшілік орталығы Әл-Мукалла қаласына жақын Аден шығанағы жағалауында орналасқан Ад-Дабба портындағы мұнай терминалының маңында бірнеше жарылыс болды, деп al-Masa press ақпараттық порталы хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Жергілікті дереккөздердің хабарлауынша, жарылыстар жағалауда орын алған және йемендік мұнайдын 2 миллион баррелін тиеу керек болған танкердің портқа кірген кезіне тұспа-тұс келген. Жарылыстар салдарынан мұнай құятын айлаққа жақын жерде өрт шыққаны атап өтілді.
Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша , Ад-Дабба портына кемінде екі ұшқышсыз ұшақ шабуыл жасаған. Полиция шабуылдан кейін бірден мұнай терминалының кіреберістерін жауып, Хадрамаут провинциясының орталығынан Аш-Шихр қаласына апаратын жолды жауып тастады.
Оқиға салдарынан материалдық шығын мен зардап шеккендер туралы хабарланбаған. Сондай-ақ жарылыстар кезінде терминалға жақындаған танкер қай елге тиесілі екені туралы ақпарат жоқ.