Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның Пальмира қаласында ИМ құрбандарының моласы табылды

АСТАНА, 22 қазан. Сирия билігі Пальмира қаласында «Ислам мемлекеті» * лаңкестік тобының құрбандарының жаппай бейітін тапты, деп Ikhbariya мемлекеттік телеарнасы хабарлайды. Бұл туралы  РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

«Пальмирадағы тарихи амфитеатрдың жанынан құзырлы органдар қала ИМ содырларының бақылауынан босатылғанға дейін осы топ лаңкестері өлтірген бейбіт тұрғындар мен сарбаздардың жаппай бейітін тапты», — деп хабарлайды телеарна.

Sham FM радиостанциясының хабарлауынша, 12 адамның мәйіті эксгумацияланған, сәйкестендіруден кейін сүйектер қаза тапқандардың туыстарына тапсырылады.

2015 жылдың мамырында ИМ лаңкестері археологиялық ескерткіштері 1980 жылдан бері ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне кіретін Дамаск пен Евфрат арасындағы Сирия шөлінің оазисіндегі ежелгі антикалық дәуірдің ең бай қалаларының бірі Пальмираны басып алды. 2016 жылдың наурыз айының соңында сириялық әскерилер ресейлік авиацияның қолдауымен қаланы азат етті, бірақ 2016 жылдың желтоқсанында Пальмира қайтадан экстремистердің қолына өтті. 2017 жылдың 2 наурызында тарихи бөлігі мен тұрғын үй аумақтары миналаған Пальмира содырлардан азат етілді. Артынша бір жарым ай бойы ресейлік мамандар қаланы миналардан тазартты.

Лаңкестер маңызды ежелгі ғимараттарды —  Бэла мен Баалшамин ғибадатханасын, Салтанат  аркасы мен ең маңызды арнау жазуы бар Зенобия бағанасын, көптеген мұнаралар мен жер асты қабірлерді толықтай, кейінгі ортағасырлық Фахр-эд-Дин бекінісін ішінара қиратты.Сонымен қатар, Пальмираны екінші жаулап алу кезінде Тетрапилон мен театр жойылды.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған лаңкестік топ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *