Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Пятигорскіде лаңкестік әрекетті жоспарлаған ДАИШ жақтастары ұсталды

АСТАНА, 24 қазан.Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Ставрополь өлкесінің аумағында құқық қорғау органдары нысандарының бірінде лаңкестік әрекеттің алдын алды, деп РФ ФҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Пятигорск қаласында қабылданған шаралардың нәтижесінде Ресейде тыйым салынған «ДАИШ»* халықаралық лаңкестік ұйымының (ХТҰ) жақтастарының жасырын ұяшығының қылмыстық әрекеті әшкереленіп, жолы кесілді. Ұяшық құрамына кірген Орталық Азия аймағы республикаларының азаматтары ХТО-ның шетелдік эмиссарларының нұсқауымен қалалық ішкі істер бөлімінің ғимаратында диверсиялық және лаңкестік әрекет жасауды жоспарлаған.

Олар өздерінің қылмыстық жоспарын жүзеге асыруға дайындық барысында ұсталды. Күдіктілердің тұрғылықты жерінде тінту барысында қолдан жаалған жарылғыш құрылғыны дайындау үшін олар сатып алған бөлшектер мен зақымдаушы элементтер, құрастыру схемалары, тыйым салынған ұйымның рәміздері, ХТҰ белсенді қатысушылармен хат-хабарлары бар жасырын байланыс құралдары табылып тәркіленді.

Ұсталғандар өз кінәсін мойындап жауап берді.

Тергеу органдары Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 30 бабының 1-бөлігінде, 205 бабының 2 бөлімі «а» («Террорлық әрекетке дайындық») тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады және тергеп жатыр.

 

Жедел-іздестіру шаралары мен тергеу амалдары жалғасуда.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *