АСТАНА, 24 қазан. Финляндия Әділет министрлігінің делегациясы террорлық құрылымдарға, оның ішінде Фетуллах Гүлен (FETÖ) және КЖП ұйымдарына қатысы бар деген күдікке ілінген адамдарды экстрадициялау мәселесін талқылау үшін Түркияға барады, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
НАТО-ға үміткер елдер 28 маусымда Альянстың Мадрид саммиті аясында қылмыстық ұйымдармен күресте белсенді ынтымақтасуға уәде беріп Түркиямен үш жақты меморандумға қол қойды.
Anadolu агенттігінің хабарлауынша, Финляндия делегациясының Анкараға келуі 25 қазанға жоспарланған.
Келіссөздер Әділет министрлігінің Сыртқы істер және Еуропалық Одақ істері жөніндегі бөлімінің басшысы Қасым Чичек бастаған түрік делегациясымен жоспарланған.
Түрік тарапы FETÖ және КЖП лаңкестерін экстрадициялау талабын тағы да айтатыны күтілуде.
Түрік делегациясы фин әріптестерін лаңкестердің қылмыстары туралы фактілер негізінде хабардар етеді.
Үш жақты меморандум аясында құрылған Түркия-Финляндия-Швеция тұрақты бірлескен механизмінің алғашқы отырысы 26 тамыз күні Финляндияның Вантаа қаласында өтті.