Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Шхем қаласында «Арыстанның жатағы» лаңкестік тобының басшысыларының бірі жойылды

АСТАНА, 24 қазан. Жексенбі, қазанның 23-іне қараған түні Шхем қаласындағы жарылыс салдарынан «Арин әл-Асуд» («Арыстанның жатағы») лаңкестік тобының басшыларының бірі Тамар әл-Килани өлтірілді, деп NEWSru.co.il сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Істің мән-жайы нақтыланып жатыр. Әлеуметтік желілерде негізінен екі нұсқа талқылануда: Израиль барлау агенттерінің әл-Килани мотоцикліне орнатқан бомбасының жарылуы немесе израильдік ұшқышсыз ұшақтың шабуылы. Дегенмен, әл-Киланиді палестиналық арнайы қызметтер өлтірген немесе ол жарылғыш затты тасымалдау кезінде кездейсоқ жарылыстың құрбаны болған болуы мүмкін.

«Арин әл-Асуд» басшылығы әл-Киланиді оның мотоцикліне жарылғыш зат орнатқан «басқыншылар» жарып жібергенін хабарлады.

«Арин әл-Асуд» («Арыстанның жатағы») лаңкестік тобы құрылғанын 2022 жылдың қыркүйегінде жариялаған. Ол ХАМАС-тың белсенді көмегімен Шхемде бұрынғы ФАТХ содырларымен құрылған және Палестина билігіне бағыбайтын жүздеген жас содырларды біріктіреді. Топтың құрылғаны Израильдің барлау қызметтерімен іздеуде жүрген Иордан өзенінің батыс жағалауындағы ХАМАС жетекшілерінің бірі Мусаб аш-Штайэ мен ХАМАС содырларының қолбасшысы Мұхаммед Табиланың ұсталып, түрмеге жабылуына наразылық білдірген содырлар мен ПӘ барлау қызметтерінің арасындағы Шхемдегі қақтығыстардан кейін көп ұзамай жарияланды.

Исламшылар ПӘ әкімшілігі «басқыншылардың» мүддесі үшін әрекет етіп жатыр деп, олардың дереу босатылуын талап етті. Көп нәрсе «Арыстанның жатағы»  — бұл ФАТХ-тан өз тәуелсіздігін мағлұмдаған Батыс жағалаудағы ХАМАС-тың жаңа тобы екенін көрсетеді.

Осы топтың содырлары 11 қазанда Шавей Шомрон ауылының жанындағы Ганот қиылысында, салдарынан «Гивати» барлау қызметінде міндетін атқарған 21 жастағы аға сержант Идо Барух қаза болған ЦАХАЛ сарбаздарын атқылағаны үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Араб ақпарат құралдарындағы бұл топтың қалай пайда болғаны туралы жазылған жариялымдарда  2022 жылдың 25 қыркүйегіне қараған түні ЦАХАЛ операциясы туралы айтылады, оның барысында автокөлік пен мотоциклді басқарған қарулы содырларға оқ жаудырылды. Сол кезде Әл-Таабун (Шхем) аймағында 22 жастағы содыр Саид әл-Куни өлтірілді. Ол көп ұзамай «арыстан шейіт» деп аталды. Ол үшін кек алу туралы ант әлеуметтік желілерде тараған, көп ұзамай Шхем қаласында «Арыстанның жатағы» атты жаңа топтың құрылғаны туралы хабарланды.

Көбісі бұл шхем тобын ХАМАС-пен де, «Исламдық жиһадпен» де тікелей байланысын мағлұмдамаса да, бірақ ФАТХ-қа бағынбайтын «Дженин бригадаларымен» салыстырады.

Көбісі ЦАХАЛ- дың «Қорғаныс дуалы» операциясынан кейін (2002 ж. наурыз-мамыр) дүниеге келген жас содырлар ешқандай «саяси» басшылыққа бағынғысы келмейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *