Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Экран-Байқоңыр 2022» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өтеді

ҚЫЗЫЛОРДА, 24 қазан. Байқоңыр тұрғындарына қала аумағында бір апта бойына терроризмге қарсы және командалық-штабтық жаттығулар өтетіні, сондай-ақ қалалық дабыл жүйесін тексеру жүргізілетіні ескертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байқоңыр әкімшілігінің Қауіпсіздік және режим басқармасы атап өткендей, қала аумағында 24-28 қазан аралығында мынадай іс-шаралар жоспарланып отыр:

  • терроризмге қарсы операцияны басқару, террористік актінің салдарын азайту және жою бойынша практикалық іс-қимылдарды пысықтау мақсатында өткізілетін «Экран-Байқоңыр 2022» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы;
  • 27 қазан — халықты хабардар ету және «Баршаның назарына!» дабыл белгісі бойынша аяөтан тік тұру жайын ақпараттандыру. Іс-шара шеңберінде халықты хабардар ету мен ақпараттандырудың қалалық дабыл жүйесіне тексеру жүргізілетін болады;
  • 28 қазан — Байқоңыр қаласының аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің басқару органдары мен күштерінің қатысуымен «Күз-2022» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді.

Ведомство өткізіліп жатқан оқу-жаттығуларға байланысты Мир, Сейфуллин көшелері мен академик Королев даңғылы бойынша жүріп-тұруға шектеулер енгізілетіндігін нақтылайды.

Жоспарланған іс-шараларға байланысты Байқоңыр әкімшілігінің Қауіпсіздік және режим басқармасы қала тұрғындарынан оқу-жаттығу кезінде аса қажет болмаса, аталған аудандарда жүріп-тұруды шектеуді әрі бұған түсіністікпен қарауды сұрайды, делінген хабарламада

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *