Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Пятигорскіде ұсталған лаңкестік топтың мүшесінен жауап алынды

АСТАНА, 25 қазан.Пятигорск қаласының ішкі істер бөлімінде теракт дайындап жатқан «Ислам мемлекеті»* лаңкестік тобының ұсталған жақтастарының бірі қалаға жақында – қыркүйекте келгенін айтты, деп РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Бұған дейін РФ ФҚҚ хабарлағандай, Пятигорск қаласында «Ислам мемлекеті» тобының жақтастары қалалық полиция бөлімінде жарылыс дайындағаны үшін ұсталды. Ұяшық құрамында шетел эмиссарларының нұсқауы бойынша әрекет ететін Орталық Азия республикаларының азаматтары болды. Тінту кезінде олардан бомбаның құрамдас бөліктері, соның ішінде зақымдауыш  элементтері, құрастыру схемалары, «Ислам мемлекетінің» нышандары тәркіленді.

«2022 жылы қыркүйек айының басында мен Пятигорск қаласына келіп, күзетші болып жұмыс істей бастадым. Мен Telegram желісінде топ тауып алдым… сол жерде  мен радикалды исламды зерттей бастадым. Олар маған базардан контейнерді жалға алып, жарылысқа қажетті заттарды сатып алуды тапсырды. Менімен бірге бір бауырым да болды — ол да жарылыс үшін біраз заттар сатып алды», — деді ұсталғандардың бірі ФҚҚ жариялаған видеода.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *