АСТАНА,26 қазан. Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджистан провинциясында сейсенбі күні белгісіз біреулердің шабуылы салдарынан Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСА, Иран Қарулы күштерінің таңдаулы бөлімшесі) екі қызметкері қаза тапты, деп ирандық Tasnim агенттігі хабарлайды.Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Агенттіктің хабарлауынша, ИРСА полковнигі Мехди Моллашахи мен провинциядағы «Салман» бөлімшесінің «Басидж» жасақтарының (ИРСА құрамында) мүшесі Джавад Кейха Захедан қаласының алаңдарының бірінде белгісіз біреулер тарапынан оққа ұшқан. Шабуыл әскерилер қызметтен үйлеріне қайтып келе жатқан кезде жасалған. ИРСА қылмыскерлерді анықтауға тырысуда.
Бұған дейін 25 қазанда бір топ қарулы адам республиканың батысындағы Күрдістан провинциясында ирандық шекарашыға шабуыл жасаған. Сарбаз ауыр жараланды, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.