АСТАНА,27 қазан. «Талибан» қозғалысының* уақытша үкіметінің барлау басқармасының арнайы жасақтары Жалалабадта ДАИШ* лаңкестік тобының базасы жойылғанын хабарлады, деген ақпаратты EurAsia Daily таратты. Бұл туралы Stopterror.uz сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Операция барысында 14 дана түрлі қару, көп мөлшердегі оқ-дәрі, автокөлік, жарылғыш заттары бар оқ өтпейтін жилет және басқа да әскери техника тәркіленді.
Айта кетейік, осы аптаның басында тәліптер Тахар провинциясындағы ДАИШ-тің екі жоғары шенді қолбасшысының, сондай-ақ жақында болған шабуылдарды жасағандардың, соның ішінде Кабулдағы Кадж білім беру орталығына жасалған шабуылға қатысы барлардың жойылғанын хабарлаған болатын.
Сонымен қатар, Халед бин Валидтің 201-ші корпусының өкілдері Пәкістанға қару-жарақ партиясын контрабандалық жолмен әкелудің алдын алу туралы баяндайды.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым