АСТАНА, 27 қазан. Иранның Шираз қаласындағы лаңкестік әрекетті ДАИШ * лаңкестік тобы өз мойнына алды, деп хабарлайды Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады.
Ұйым таратқан ақпаратқа қарағанда, елдің оңтүстігіндегі Шах Чераг кесенесіне жасалған лаңкестік әрекетті ДАИШ лаңкестері жасаған.
Еске салайық, Фарс провинциясының Шираз қаласындағы Шах Чераг кесенесі жанындағы зияратшыларға қарулы үш адам оқ жаудырған.
Ведомствоның хабарлауынша, қаза тапқандар арасында бір әйел мен екі бала бар. Тергеу мәліметтері бойынша, кесенені күзетіп тұрған қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері де шабуылға ұшыраған.
Фарс провинциясының губернаторы Мохаммад Хади Иманийе шабуылдан 13 адам қаза тауып, 23 адам жараланғанын айтты.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым