Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

«Джабхат ан-Нусра» содырлары Сирияда улы заттармен арандатуға дайындалуда

АСТАНА,27 қазан. «Джабхат ан-Нусра»* лаңкестік тобының содырлары  Сирияның Идлиб қаласы аймағында улы заттары бар 36 реактивті снаряд дайындады. Бұл туралы Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі Ресей орталығы басшысының орынбасары генерал-майор Олег Егоровтың мәлімдемесіне сілтеме жасап «Известия» газеті хабарлады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Ресейлік ақпарат орталығына түскен ақпаратқа сәйкес, бұл снарядтар қазіргі уақытта «Идлиб қаласының оңтүстігіндегі Джебел Әл-Арбаин тау жотасының үңгірлер кешенінде сақталған», деп нақтылады ол.

«Лаңкестер Сирия үкіметінің күштерін бейбіт тұрғындарға қарсы улы заттарды қолданды деп айыптау үшін арандатушылық ұйымдастырмақ», — деді Егоров.

Бұған дейін, 18 қазанда Ресей Федерациясының Әуе-ғарыш күштері (РФ ӘҒК) Сирия қарулы күштерінің өкілдеріне оқ жаудырып лаңкестердің қоймасын, бірнеше мылтық пен 10-ға жуық содырды жойғаны белгілі болды.

Екі күн бұрын Ресей мен Сирия әскерилері Дамаскіде автобусты жаруға қатысқан «Ислам мемлекетінің»* 20 содырын жойды.

Бұған дейін 9 қазан күні Идлибте «Джебхат ан-Нусра» лаңкестері жарылғыш затты түсіргенін, сириялық бір сарбаздың жараланғаны хабарланған болатын. Кафер- Небель ауданындағы үкімет күштерінің позицияларына қолдан жасалған жарылғыш зат ұшырылған ұшқышсыз ұшатын аппараттан түсірілгені нақтыланды.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *