Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Елордалық тұрғын есірткінің ірі партиясымен ұсталды

АСТАНА, 27 қазан. Ақмола полицейлері есірткінің ірі партиясын жеткізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аршалы ауданы Жібек Жолы кентінің өткізу терминалында Полиция департаменті арнайы бөлімшесінің жедел қызметкерлері мен жауынгерлері есірткі сатушыны ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ақпараты бойынша, елорданың 43 жастағы тұрғыны біраз уақыттан бері Ақмола өңірінің аумағына есірткі заттарын жеткізумен айналысқан. Оның қылмыстық қызметін растау үшін жедел уәкілдер алдын ала бірқатар арнайы іс-шаралар өткізді, сонымен қатар шикізатты республиканың оңтүстік аймақтарынан дилер әкелгені анықталды.

Фигурант жолаушы ретінде отырған Chevrolet Cobalt автокөлігін тінту кезінде полицейлер салон ішінен 2 полиэтилен орамасын тауып алды. Оның ішінде тағы 3 полиэтилен және жалпы салмағы 1,5 келіден асатын марихуана бар 4 қағаз орамасы болды. Қызметтік-іздестіру иттерінен есірткінің ерекше иісін жасыру үшін есірткі сатушы марихуана салынған пакеттерді қышқыл майонезбен алдын ала жағылған.

Бұл факт ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, тергеп-тексеру кезеңінде Астана тұрғыны қамауға алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *