Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Иранның оңтүстігіндегі лаңкестік әрекеттен 13 адам қаза тауып, 21 адам жараланды

АСТАНА,27 қазан. Бүгін Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласындағы Шах- Черах мавзолейінде жасалған лаңкестік әрекеттен кемінде 13 адам қаза тауып, 21 адам жараланды, деп Fars агенттігі хабарлады. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Хабарламада үш қарулы адам ғибадатхананың жанында қажыларға оқ жаудырғаны айтылған.

Агенттіктің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында бір әйел мен екі бала бар. Тергеу мәліметтері бойынша, кесенені күзетіп тұрған қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері де шабуылға ұшыраған.

Бұған дейін шабуылды үш лаңкес жасады деп хабарланғанымен, Фарс провинциясының полиция басшысы шабуыл жасаушының жалғыз екенін және оның қазірдің өзінде ұсталғанын айтты.

Fars агенттігінің хабарлауынша, шабуылды жасаған лаңкес тәкфирлік топтардың бірінің мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *