АСТАНА,27 қазан. ТМД аумағында соңғы уақытта лаңкестікпен күресте оң үрдіс байқалды, деді президент Владимир Путин. Оның айтуынша, елдердің аумағында лаңкестік әрекеттер саны азайып келеді, сондықтан ол терроризмге қарсы күресте Ресей мен ТМД елдерінің бірлескен жұмысын жалғастыруға шақырды, деп Sputnik Тәжікстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Біз терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуымыз керек. Атап айтқанда, террористік және экстремистік әрекеттерге қатысы бар немесе күдікті тұлғалар туралы ақпарат алмасуды жалғастыру», — деді ол.
Оның айтуынша, барлық күш-жігерді көші-қон ағыны деген желеумен лаңкестердің ену арналарын анықтауға және бұғаттауға шоғырландыру маңызды.
Путин ұрыс тәжірибесі бар шетелдік жалдамалылардың көбеюі ерекше қауіп төндіретінін айтты.