АСТАНА, 29 қазан. Иран полициясы елдің оңтүстігіндегі Ормузган провинциясында жүктен табылған 725 келі героин тәркіледі. Бұл туралы IRIB ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған Синьхуа агенттігі хабарлады.
IRIB агенттігінің провинция полициясының басшысы Голамреза Джафариге сілтеме жасап хабарлауынша, героиннің қазіргі партиясы Ормузган провинциясында соңғы 10 жылда тәркіленген ең үлкен партия болып табылады.
Г.Джафари екі контрабандашының 723 пакет героин салынған тіркемеде ұсталғанын қоса айтты.