Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ставропольде лаңкестік шабуыл дайындағаны үшін төрт адам қамауға алынды

АСТАНА,28 қазан. Ставрополь өлкесінде әкімшілік нысанда теракт дайындаған төрт адам қамауға алынды, — деп хабарлайды РИА Новости ФҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

«Ставрополь өлкесінде лаңкестік әрекет жасамақ болған ұйымдасқан тұлғалар тобының (төрт адам) заңсыз әрекетінің жолы кесілді… Ұсталғандар облыстағы әкімшілік нысандардың бірінде теракт жасамақ болған», — делінген хабарламада.

Ұсталғандардың Ставрополь өлкесінің Предгорный ауданындағы жабдықталған қойманы және үйін тінту кезінде атыс қарулары, дайын жарылғыш құрылғылар мен жаңасын жасауға арналған компоненттер, сондай-ақ жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру бойынша әдістемелік әдебиеттер тәркіленді.

Ұсталған күні жария етілмеді, бірақ хабарламаға қарағанда, күдіктілер сот шешімімен қамауға алынған. «Теракт» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *