Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ақтауда есірткі қойып кетушілерден бір келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді

АҚТАУ, 03 қараша. Ақтауда есірткі қойып кетушілерден бір келі “синтетика” тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Маңғыстау облысы ПД ҰҚҚК қызметкерлері Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, 2022 жылы 2 қараша күні сағат 14:50 шамасында Ақтау қаласының 26 шағын ауданынан екі күдіктіні, 19 жастағы азаматша мен 21 жастағы азаматты анықтап, ұстады.

Жеке тінту барысында жалпы салмағы бір келіні құрайтын “мефедрон” синтетикалық есірткі затының бір пакеті тәркіленді. Одан әрі тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде салмағы 52 грамм болатын “жылдамдық” есірткі затының 42 түйірі тәркіленді.

Еске сала кетейік, Маңғыстау полициясы осыдан бірнеше күн бұрын 2 келі синтетикалық есірткі тәркілеген болатын.

Бұл дерек Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-де ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-сараптамалық зерттеу тағайындалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *