АСТАНА, 04 қараша. Ауғанстандық босқындармен бірге Орталық Азия елдеріне лаңкестер өтуі мүмкін, деп хабарлайды Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев. Бұл туралы Sputnik Тәжікстанға сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Бұл қатер туралы ол ТМД елдеріндегі әріптестерімен кездесуде сөйлеген сөзінде айтты.
Ол Ауғанстандағы жағдай босқындардың Орталық Азияға көшуіне себеп болуы мүмкін екенін ескертті.
«Босқындардың қазір мигранттардың 80%-дан астамын қабылдайтын Иран мен Пәкістанға ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия мемлекеттеріне де жылжу қаупі бар», — деді Патрушев .
Оның пікірінше, бұл халықаралық террористік ұйымдардың мүшелерінің Достастық елдер аумағына енуіне себеп болуы мүмкін.
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ауғанстандағы экономикалық дағдарыс аясында көші-қон жағдайының күрт нашарлау қаупі бар екеніне назар аударды.
Патрушев күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдай, соның ішінде АҚШ-тың ауған қаражатына тосқауыл қоюы аясында террористік ұйымдардың әлеуетін арттыруға жағдай туғызатынын атап өтті. Бұл ТМД кеңістігіндегі тұрақсыздықтың күшеюіне алып келеді.
Сонымен бірге, оның айтуынша, АҚШ-тың өзі терроризммен тек сөз жүзінде күресіп жатыр, көптеген лаңкестік ұйымдарды америкалықтар өздерінің геосаяси мақсаттарына жету үшін құрған.