АСТАНА, 04 қараша. Орталық аудандық әскери сот Челябі облысы Магнитогорск қаласының тұрғынын Telegram мессенджеріндегі қоғамдық топта терроризмді ақтағаны үшін кінәлі деп тапты, деп Челябі облысы бойынша Ресей ФҚҚБ баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Екатеринбургтегі Орталық округтік әскери соты Магнитогорск тұрғынын Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2 бабының 2-бөлігі «Террористік әрекетті жүзеге асыруға жария түрде шақыру» бойынша кінәлі деп тапты. Оған 500 мың рубль көлемінде айыппұл салынды», — деді баспасөз қызметі.
Басқармада бұл адамды Челябі облысы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының қызметкерлері 2021 жылдың қыркүйегінде анықтап, ұстағанын мәлімдеді. Telegram желісінде ол лаңкестік әрекетке шақырып, терроризмді жария түрде ақтады.