Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қарағандыда 5 келіден астам есірткі тәркіленді

ҚАРАҒАНДЫ, 04 қараша. Қарағандыда тұрмыстық жанжалды шешуге барған полицейлер үйден 5 кг астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қазан күні Қарағанды қаласындағы жеке үйлердің бірінде тұрмыстық жанжал болған. Оқиға орынына патрульдік полиция полкінің полиция жасағы жіберліді.

Үйде 55 жастағы үй иесі, азаматшаның 28 жастағы ұлы болды. Олардың барлығы Ресей Федерациясының азаматтары. Сонымен қоса ол үйге Грузиядан қонаққа келген 53 жастағы азамат болған.

Полиция қызметкерлерімен оқиғаның мән-жайын анықтау барысында үйдегі бөлмелердің бірінен шарада тұрған жасыл түсті иісі бар өсімдік тектес зат табылған. Тәртіп сақшыларымен жүргізілген жедел жұмыстар барысында аталған үйдің гаражынан қара полимерлік пакетке салынған төрт қарасора сабақтары және есірткі пайдалану құралдары тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттары жалпы салмағы 5 келі 200 гр марихуана екені белгілі болды. Ұсталғандарға қатысты жүргізілген медициналық куәландыру барысында 28 жастағы азаматтың есірткі пайдаланғанын көрсетті. Алайда азамат өзінің есірткі қолданғаны туралы мойындамады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

29 қазан күні Теміртау қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және жергілікті полиция қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында Теміртау қаласындағы түнгі көңіл көтеретін мекемелердің бірінен 45 жастағы азамат ұсталды. Ол мекеменің әжетханасында есірткі заттарын пайдаланған. Ұсталған азамат мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар дәмхананың иесіне қатысты әкімшілік іс тіркелді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *