АСТАНА, 06 қараша. «Джебхат ан-Нусра»* лаңкестік тобының содырлары Сириядағы Идлиб деэскалация аймағында бір күнде төрт рет оқ жаудырды, деп жазады Stopterror.uz Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі Ресей орталығы басшысының орынбасары генерал-майор Олег Егоровқа сілтеме жасап. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Өткен тәулікте Идлиб деэскалация аймағында «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік тобының позицияларынан төрт рет оқ жаудыру тіркелді. Идлиб провинциясында бір, Хама провинциясында екі, Латакия провинциясында бір атқылау болды», — деді Олег Егоров.
Ол Фатира аймағынан болған Хама провинциясындағы Кафер-Мус елді мекені ауданындағы үкімет күштерінің позицияларына лаңкестердің минометпен атқылауы нәтижесінде бір сириялық сарбаздың жараланғанын қоса айтты. Сонымен қатар, Латакия провинциясында Каллаз-Тахтани аймағының лаңкестерінің Қара-Килис елді мекені ауданындағы үкімет күштерінің позицияларына ұшқышсыз ұшу аппараттарының соққысы нәтижесінде үш сириялық сарбаз жараланды.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым