Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ердоған: Ыстамбұлдың орталығындағы жарылысқа әйел адамның қатысы болуы мүмкін

АСТАНА, 13 қараша. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда өткен брифингте қала орталығындағы шабуылда қаза тапқандар саны алтыға жетіп, 53 адам жараланғанын айтты. Оның айтуынша, жарылысқа әйелдің қатысы болуы мүмкін, деп  Sputnik Әзірбайжанға сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. 

«Қала әкімшілігінен алған ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта қаза тапқандар саны алты адам, жараланғандар саны 53», — деді Ердоған Ыстамбұлда өткен брифингте.

Түркия басшысы Ыстамбұл орталығында болған жарылысты «бомбалы шабуыл» деп атады. Президент жұртшылықты бұған кінәлілер тиісті жазаланатынына сендірді.
«Бүгін сағат 16.20-да Истиқлал көшесінде болған жарылыс салдарынан қаза тапқан бауырларымызға Алланың рақымын, жаралылардың тезірек сауығып кетуін тілеймін» деді Ердоған.
Еске салайық, бүгін Ыстамбұлдағы ең танымал туристік орындардың бірі Таксим алаңына қарайтын Истиқлал көшесінде жарылыс болды. Оқиғадан кейін аймаққа көптеген медициналық топтар жіберілді. Қауіпсіздік күштері аумақты қоршауға алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *