Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АСТАНА, 13 қараша. Стамбулдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Қала губернаторы Али Йерликая мәлім еткеніндей, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

«Бүгін жергілікті уақытпен сағат 16:20-да Бейоглу ауданындағы Истикляль көшесінде жарылыс болды. Оқиға орнына жедел жәрдем, құтқарушылар, қауіпсіздік күштері мен AFAD бригадалары дереу жөнелтілді. Құрбандан мен зардап шеккендер бар. Қосымша ақпарат тағы жарияланады», — деп жазды Стамбул губернаторы Али Йерликая Twitter-де.

Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Жарақат алғандардың бірқатары жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.

Полиция қауіпсіздік шараларын қабылдап, көшедегі жаяу жолаушылар мен көлік қозғалысын тоқтатты. Сонымен қатар, «Таксим» мешіті жабылды. Аумаққа әуеден тікұшақ арқылы бақылау жүргізіліп отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *