АСТАНА, 14 қараша. Нигерияның оңтүстігіндегі Анамбра уәлаятында әскери қызметкер мен Биафраның жергілікті халықтары террор ұйымы мүшелері арасында болған қақтығыста 5 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Анамбра уәлаятының полиция басқармасы баспасөз мәлімдемешісі Точукву Икенга Биафраның жергілікті халықтары террор ұйымы мүшелерінің Анамбра уәлаятының Исаофиа аймағындағы әскери бақылау бекетіне шабуыл жасағанын мәлімдеді.
Икенга қақтығыста 5 террористтің залалсыздандырылғанын атап өтті.