Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирия бойынша келіссөздер 22-23 қарашада Астанада өтеді

АСТАНА, 14 қараша. 22-23 қарашада Қазақстанның бас қаласы Астанада Сирия бойынша Астана келіссөздеріне кепілгер елдер Түркия, Ресей және Иран делегациялары бас қосады.Бұл туралы TRT агенттігіне сілтеме жасап   «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Айбек Смадияров баспасөзге жасаған мәлімдемесінде 19-шы Астана халықаралық келіссөздерінің  22-23 қарашада Қазақстанның бас қаласы Астанада өтетінін және аталмыш келіссөзде кепілгер елдер Түркия, Ресей және Иран делегацияларының бас қосатанын айтты.

Сирия режимі мен оппозициясы да қатысатын отырыстарға Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Сирия арнайы өкілі Гейр О. Педерсеннің де қатысатынының расталғанын айтқан Смадияров БҰҰ, Иордания , Ливан мен Ирак келіссөздерге «бақылаушы» мәртебесімен қатысатынын білдірді.

Келіссөздер барысында сондай-ақ кепілгер елдер делегациялары мен БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы кеңесі мен Халықаралық Қызыл Крест өкілдері арасында күштеп қамауға алынғандар бойынша жұмыс тобының отырысы өтеді.

Сирия бойынша соңғы Астана келіссөздері 15-16 маусымда Қазақстанның елордасы Астанада өткен еді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *