Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Яһудея мен Самарияда лаңкестікке күдікті тоғыз адам ұсталды

АСТАНА, 14 қараша. ЦАХАЛ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше түнде Яһудея мен Самарияда лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікті адамдарды ұстауға бағытталған «Волнорез» кең ауқымды операциясы жалғасты, деп NEWSru.co.il сілтеме жасап   «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.

Операцияға әскерилер, шекара полициясының жауынгерлері және Жалпы қауіпсіздік қызметінің (ШАБАК) қызметкерлері қатысты.

Операциялар Бейт-Лехем қаласында, Дир Абу-Даиф, Арам, Аната, Хальхуль, Наалин, Хаш әл-Карам ауылдарында жүргізілді. Қақтығыстар болды. Израильдіктер арасында зардап шеккендер жоқ.

Кеше түнде жүргізілген операцияларда іздеуде жүрген тоғыз адам ұсталды, деп хабарлады ЦАХАЛ. Ұсталғандар жауап алу үшін ШАБАК тергеушілеріне тапсырылды. Қару мен оқ-дәрі тәркіленді.

Бұған дейін хабарланғандай, дүйсенбі 14 қарашаға қараған түні Рамалла маңында Израиль әскерилері лаңкестікке қарсы операция кезінде қарсы келе жатқан палестиналық нөмірлі көлікке оқ жаудырған. Әскери қызметкерлерді басып кету әрекетінің алды алынғаны көрінеді. Maan агенттігінің хабарлауынша, көлікті атқылау салдарынан екі жас жігіт жараланған. Олардың бірі ауыр, екіншісі орташа жарақат алған. Жаралылар ауруханаға жеткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *