Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҚР Бас мүфтиі «Хидая» халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрес орталығына барды

АСТАНА,14 қараша. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктеріне барған сапарында «Хидая» халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрес орталығы кеңесінің төрағасы, доктор Әли Рашид әл-Нуайми мырзамен кездесті, деп Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап   «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

Кездесуде жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру, оларға дұрыс діни мәлімет жеткізу, діни білім алуына мүмкіндік жасау мәселесі талқыланды.

«Өзіңізге мәлім, мемлекетіміздің қамқорлығымен «Жусан» операциясы бойынша азаматтарымыз Сириядан елімізге жеткізілді. Қазір оларды қоғамға бейімдеу жұмыстары белсенді түрде жүзеге асуда. Біз осы бағыттағы жұмыстарымызды жандандыру үшін Діни  басқарма жанынан Діни оңалту бөлімін аштық» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу соңында тараптар осы бағытта тәжірибе алмасу іс-шараларын жүзеге асыруға келісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *