АСТАНА, 17 қараша. Иранның Хузестан провинциясындағы Изе қаласындағы базарлардың бірінде болған атыс салдарынан кемінде 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, осыншама адам жарақат алған.
Белгісіз біреу қоғамдық орында оқ атты. Қаза тапқандар арасында полиция қызметкерлері де бар.
Иран бұл оқиғаны лаңкестік әрекет деп санайды.