АСТАНА, 18 қараша. Швеция парламенті мақұлдаған терроризмге қарсы заңнаманы күшейтетін конституциялық түзету 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады
Парламентте өткен дауыс беруде 270 депутат «ия», 37-сі «қарсы» дауыс берді.
Солшылдар партиясы мен Жасылдар партиясы қарсылық танытқан конституциялық өзгеріске дауыс беруге 42 депутат қатыспады.
Конституцияға енгізілген түзетуде терроризмге қатысы бар топтардың бірігу бостандығы мен шеру өткізуге рұқсаты шектелетін болса, бұл жаңа заңдардың қабылдануына жол ашады делінген.
Түзетуде Швецияның басқа мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасына нұқсан келтіретін ақпаратты жариялағандар тергеуге алынып, 4 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін делінген.
Конституциялық түзету 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.