Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Болгарияда Стамбулдағы терактіге қатысы бар деген күдікпен бес адамды қамауға алынды

 

АСТАНА, 19 қараша. Болгарияда Ыстамбұлдағы терактіге қатысы бар деген күдікпен бес адам ұсталды, деп Nova TV арнасы хабарлайды. Бұл туралы РИА Новостиге  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Бұған дейін Anadolu агенттігі Ыстамбұл соты қала орталығындағы терактіге қатысы бар деген күдікпен 17 күдіктіні қамауға алғанын хабарлаған.
Телеарнаның хабарлауынша, ұсталған бес адамның үшеуі Молдова азаматы болса, тағы біреуі араб текті. Хабарланғандай, ұсталғандар шабуылға күдіктіге көмектесті деген айып тағылып отыр.
 Өткен жексенбі күні түстен кейін Ыстамбұл орталығындағы жаяу жүргіншілерге арналған Истиклал көшесінде жарылыс болып, 6 адам қаза тауып, 81 адам жараланды. Шабуыл жасаған күдікті ұсталды, ол Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшылар партиясымен (PKK) байланысы барын мойындады.
Түркия Ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу лаңкестік әрекетті жасау Сириямен шекаралас Кобани қаласынан келгенін, ал қылмыскер Түркия аумағына Африн қаласы арқылы кірді деген күдік барын мәлімдеді. Сойлу дүйсенбі күні ел билігі АҚШ елшілігінің шабуылға байланысты көңіл айтуын қабылдамайтынын айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *