Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қырғызстанда «Ислам мемлекетінің» үш мүшесі ұсталды

АСТАНА, 24 қараша. Бішкек пен Жалал-Абад облысында 19 қарашада үш қырғызстандық – «Ислам мемлекеті»* халықаралық лаңкестік ұйымының мүшелері ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Арнайы қызметтің мәліметінше, ұсталған екі азаматтың басқа мемлекет аумағынан лаңкестік әрекет ету аймақтарына кетіп, «Ислам мемлекеті – Вилаят Хорасан»* (Ислам мемлекетінің бөлімшесі ) ХТҰ қатарына қосылу әрекеті туралы фактілер анықталды.
«Ұсталғандардың бірі Х.П. екі жаңадан жалданған адамдардың жөнелтуін тікелей үйлестіріп, оларға ақша және бірнеше елдің аумақтары арқылы кедергісіз өту үшін шетел мемлекеттерінің жалған төлқұжаттарын берген», — деп хабарлады мемлекеттік комитет.
«Жазасын өтегеннен кейін ол түзеу жолына түскен жоқ,  лаңкестік әрекет аймақтарына рекруттарды жіберу бойынша заңсыз әрекеттерін жалғастырды», — деп толықтырды 

ведомствода. 

Іс қозғалып, ұсталғандар Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *