Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Новосібір тұрғыны терроризмді қаржыландырғаны үшін 14 жылға сотталды

АСТАНА, 25 қараша. Новосібір тұрғыны Ресейде тыйым салынған «Катиба Таухид валь-Джихад» халықаралық лаңкестік ұйымын қаржыландырғаны үшін қатаң режимдегі колонияға 14 жылға сотталды, деп Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің Новосібір облысы бойынша баспасөз қызметі хабарлайды. Бұл туралы ТАСС-қа  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. 

«Террористік құрылымдардың мүшелеріне аударылған қаражаттың жалпы сомасы 2,4 миллион рубльден асады. Шығыс округінің 1-ші әскери соты [айыпталушыны] террористік қызметке жәрдемдесті, терроризмді қаржыландырды деп айыпты деп танып, жазаның бір бөлігін түрмеде бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырумен бірге 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім етті», — деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Қылмыстық істі ФҚҚ  облыстық басқармасының тергеу бөлімі Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.1 бабының 1.1 бөлімі («Террористік қызметке жәрдемдесу, терроризмді қаржыландыру ») бойынша қозғап, тергеді. Новосібір қаласының тұрғыны шетел мемлекетінің азаматы екені көрсетілген. Ол өзінің банк картасына қаражат жинап, одан кейін шетелге террористік қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген адамдарға аударған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *