АСТАНА, 25 қараша. Ыстамбұлда «Ислам мемлекеті* және «Әл-Қаида»* лаңкестік топтарының мүшелеріне қарсы жүргізілген лаңкестікке қарсы операция барысында 18 күдікті ұсталды, деп Star газеті жазады, деп РИА Новостиге сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды .
«Ыстамбұл Қауіпсіздік басқармасының лаңкестікке қарсы бөлімшесінің топтары қарулы террористік ұйымдардың мүшелері мен қақтығыс аймақтарына қатысы бар адамдарды ұстау операциясын бастады.Топтар ұйымдармен байланыста, қақтығыс аймақтарында акциялар мен іс-шаралар өткізетін, сонымен қатар қақтығыс аймақтарына бару жолдарын іздестіретін күдіктілердің 12 округіндегі мекенжайларын анықтады, Бір уақытта 20 мекенжайда операция ұйымдастырылып, 18 адам ұсталды», — деп хабарлады басылым.
Күдіктілерден жауап алу жалғасып жатқаны белгілі болды.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым