АСТАНА, 27 қараша. Бразилияның Аракрус қаласындағы екі мектепте болған атыс құрбандарының саны төртке жетті, деп хабарлайды РИА Новости G1 жаңалықтар порталына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Бұған дейін үш адамның қаза тапқаны хабарланған болатын.
«Екі мектепте болған атыс құрбандарының жеке басын анықтау басталды, нәтижесінде төрт адам қаза тауып, 12 адам жарақат алды», — деп хабарлайды БАҚ.
Үш мұғалім мен бір оқушы қаза болды.
Жұма күні күдікті алдымен мемлекеттік мектептердің бірінің мұғалімдер бөлмесінде оқ жаудырған . Салдарынан екі мұғалім қаза тауып, бірнеше адам жараланды.Одан кейін ол көлікпен басқа мектепке барып, 16 жастағы оқушыны атып, тағы бірнеше адамды жаралады.
Штат губернаторы Ренато Касагранде полиция оқиғадан төрт сағат өткен соң 16 жастағы күдіктіні ұстағанын айтты. Ол осы мектептердің бірінде оқитын.