АСТАНА, 29 қараша. Түркия YPG/КЖП террор ұйымымен осы топтың соңғы содыры залалсыздандырылғанға дейін ымырасыз күрес жүргізеді. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған республика министрлер кабинетінің отырысынан кейін теледидар арқылы сөйлеген сөзінде айтты, деп Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
«Түркияның оңтүстік шекараларында жүргізген операциялары нәтижесінде ауыр шығынға ұшыраған террор ұйымы шекарамыздағы елді мекендерге минометпен атқылау арқылы жазықсыз адамдардың қанын төкті. Газиантеп провинциясының шекаралық Каркамыш аймағына жасалған шабуыл кезінде 5 жасар бала мен 22 жастағы мұғалімді өлтірген террор ұйымын соңғы содыры залалсыздандырылғанға дейін жоюға бел байлағанымызды растаймыз» деді Ердоған.
Бұған дейін YPG лаңкестері (КЖП-ның сириялық қанаты – Анадолу) Түркияның оңтүстігін зымыранмен атқылаған. Газиантеп провинциясының шекаралас Қарқамыш аймағын атқылау Сирияның солтүстігінен жүзеге асырылған.
Президент Ердоған Түркияның оңтүстік шекараларында 30 шақырым тереңдікте қауіпсіздік аймағын құруға бел байлағанын атап көрсетті.
Оның айтуынша, Анкара өз шекарасын қорғау үшін ешкімнен рұқсат сұрауға ниетті емес.
«Отанымыз бен халқымыздың қауіпсіздігіне қатысты қадамдар жасағанда ешкімнен рұқсат алудың қажеті жоқ және біз ешкімнің алдында жауап бермейміз», — деді Түркия басшысы.
Мемлекет басшысы Сирияның солтүстігінде PYD және YPG аттарымен жасырынған және өздерін «Сирия демократиялық күштері» деп атайтын бірқатар елдердің КЖП лаңкестеріне қолдау көрсетуге жол берілмейтініне де назар аударды.
«Тіркелген лаңкестік ұйымды атын өзгерту ойындарымен қолдайтындардың екіжүзділігіне төзуге міндетті емеспіз», — деді басшы.
Президент Ердоған Түрік қарулы күштерінің Ирак пен Сирияның солтүстігіндегі лаңкестік нысандарға жасаған соққыларына да қатысты түсініктеме берді.
«Түркияның қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайтуға бағытталған әскери операциялары ешкімді алаңдатпауы керек», — деді ол.
«Ешкімнің Түркияны бос қоқан-лоққылармен саяси, дипломатиялық, экономикалық және әскери салада өз мүдделеріне қайшы ұстанымдарға мәжбүрлей алмайтынын түсіндірген Ердоған «Түркияның қауіпсіздік пен бейбітшілік шеңберін кеңейтуге бағытталған әскери операциялары ешкімді алаңдатпауы керек» деген сөздер қолданды», — деді мемлекет басшысы.