АСТАНА, 29 қараша. Сирияның солтүстігіндегі «Евфрат қалқаны» аймағында шабуылға дайындалған бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-лік 5 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.
Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде «Біз балаларды өлтіргендерге жазасын беруді жалғастырамыз. Сирияның солтүстігіндегі «Евфрат қалқаны» аймағында шабуыл жасауға дайындалған PKK/YPG-лік тағы 5 террорист залалсыздандырылды» делінді.