АСТАНА, 06 желтоқсан. 5 желтоқсан, дүйсенбі күні таңертең Бейт-Лехемнің шетіндегі Дайше босқындар лагерінде израильдік сарбаздармен болған атыс кезінде Омар Юсуф Мана өлтіріліп, тағы алтауы жараланды, деп хабарлайды NEWSru.co.il палестиналық дереккөздерге сілтеме жасап.
Осы оқиғаға байланысты Бейт-Лехемде «жалпы ереуіл» жарияланды: муниципалитет, оқу орындары жұмыс істемейді, туристік нысандар жабылуы мүмкін.
Сондай-ақ, Дженин қаласында атыс болғаны және сол жерде әскерилердің «Ислам жиһады» лаңкестік ұйымы жетекшілерінің бірі Басам әл-Саадидің ұлы Яхья әл-Саадиді ұстағаны хабарланды.