Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Дағыстан азаматы экстремизмге жария түрде шақырғаны үшін сотталды

АСТАНА, 07 желтоқсан. Буйнакск қалалық соты Төменгі Казанище ауылының тұрғыны И.Кадивовты экстремистік әрекетке жария түрде шақырғаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл туралы Дағыстан ФҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Дагестан  хабарлайды, деп   «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.

 2022 жылдың ақпан айында Кадивовтың әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасында экстремистік әрекетке ашық үндеулері бар материалдарды жариялағаны анықталды.

«Сот оны 1 жыл 6 ай сынақ мерзімімен  шартты түрде 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру,  1 жыл 6 ай мерзімге интернет-сайттарды басқаруға байланысты қызметпен айналысуға тыйым салу туралы үкім шығарды», — деп нақтылады ведомствода.

Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Дағыстан Республикасындағы Терроризмге қарсы комиссия жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшесі Вефадер Меликовтың айтуынша, жаңартылған «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Федералдық заң экстремизм мен терроризмге шақыру үшін жауапкершілікті күшейтеді.

«Тәжірибеде 2020-2021 жылдары немесе одан да ертерек жасалған эпизодтар жиі кездеседі. Бұл интернеттегі заңсыз әрекеттердің ізі ұзақ уақыт бойы сақталатынын көрсетеді. Әртүрлі іздеу жүйелері мен агрегаторлардың арқасында бұл іздерді анықтау оңай. Оқырмандарға заңда пост (жариялау) мен репосттың айырмашылығы жоқ екенін ескерткім келеді. Осылайша, көптеген адамдар ойлағандай, интернет кеңістігіндегі адамның қылықтары  мүлдем назардан тыс қалмайды », — деді сарапшы.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *