Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Екібастұз полицейлері «жалған террористті»  ұстады

ЕКІБАСТҰЗ, 07 желтоқсан. 6 желтоқсанда сағат 20:30-да Екібастұз полициясына әкімдік ғимаратына бомба қойылғаны хабарлама түскен. Полицейлер жалған ақпарат таратқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қоңыраудан кейін бірден барлық қызметтер әкімдік ғимаратына барған, бірақ ешқандай жарылғыш зат табылмады.

«Жедел-тергеу тобының қызметкерлері әкімдік ғимаратында тексеру жүргізді. Тексеру кезінде ғимаратта үш қызметкер болды, эвакуация жасалды. Ғимараттан жарылғыш құрылғылар табылмады», — деді Екібастұз полиция басқармасының бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

Полиция күдіктіні — Екібастұз тұрғынын ұстады. Ол кінәсін мойындаған.

Азамат 2019 жылы да осындай әрекеті үшін сотталған болып шықты.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 273-бабы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *