АСТАНА, 12 желтоқсан. Африкалық Одақ (AО) сенбі күні 29 қарашада Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысындағы Кишиш ауылында 23 наурыз қозғалысы (M23) көтерілісшілері мен жергілікті жасақшылар арасындағы шайқаста ондаған бейбіт тұрғынның қаза болуын тергеуге шақырды, деп БҰҰ сарапшыларының Кишиште болған оқиға туралы баяндамасы негізінде дайындалған АО сайтында жарияланған коммюникеде айтылған. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Африка Одағы бұл қылмысты қатаң айыптайды және қажетті тергеудің мүмкіндігінше тезірек жүргізілуін және кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етеді», — делінген AО төрағасы, Сенегал президенті Маки Салем мен AО комиссиясының төоағасы Мұса Факи Махамат қол қойған құжатта. Африка Одағының 23 қарашада КДР шығысындағы Луанда қаласында қол жеткізілген атысты тоқтату туралы халықаралық келісімін толық қолдайтынын және барлық қарулы топтарды оны ұстануға шақыратынын баса айтылды.
Біріккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының алдын ала тұжырымдары бойынша, Кишишта кемінде 130 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Өз кезегінде КДР билігі 272 адам қайтыс болғанын хабарлады.