АСТАНА, 16 желтоқсан. Диярбакырда тәртіп сақшылары мінген көлік өтіп бара жатқан кезде болған жарылыстан сегіз полиция қызметкері жараланды, деп TRT агенттігі хабарлайды.
Диярбакыр-Мардин тас жолының Йешил Вади ауданында тәртіп сақшылары мінген қызметтік көлік өткен кезде жарылыс болды. Оқиға орнына көптеген денсаулық сақтау және полиция топтары жіберілді.
Жарылыс кезінде жарақат алған 8 полиция қызметкері ауруханаға жеткізілді.
Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу оқиғада күдікті деп танылған екі адамның ұсталғанын мәлімдеді.
Зардап шеккен полиция қызметкерлерінің жағдайы жақсы екені белгілі хабарланды.