АСТАНА, 16 желтоқсан. Ливанның өтпелі үкіметінің премьер-министрі Наджиб Микати сейсенбі күні лаңкестік шабуылдардан ең көп зардап шеккен елдердің бірі ретінде Ливан лаңкестікпен күресте ұжымдық ынтымақтастық пен тығыз үйлестіруге шақыратынын айтты,деп елдің Ұлттық ақпарат агенттігі хабарлады. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
Ол бұл үндеуін Ливан үкіметі Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Ливанның терроризмге қарсы күрес деңгейін арттыру бағдарламасымен» бірлесіп ұйымдастырған «Терроризммен күресу тетіктерін үйлестіру» тақырыбындағы семинарда жасады.
«Ондаған жылдар бойы әлем барлық жерден келетін лаңкестік қаупімен өмір сүріп келеді», — деді Н.Микати, «терроризммен күрес белгілі бір қауіпсіздік немесе барлау органының міндеті ғана емес, сонымен бірге бұл ұжымдық ынтымақтастық,кәсіби білім мен ақпаратты біріктіру және тығыз үйлестіру.
Соңғы бірнеше жылда Ливан қауіпсіздік қызметтері лаңкестік әрекеттердің алдын алуға, лаңкестік желілерді жоюға және олардың басшылары мен мүшелерін тұтқынға алуға көмектескен бірнеше алдын алу операцияларын жүргізді.