Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Астанада героин өткізу арнасының қызметі тоқтатылды

АСТАНА, 18 желтоқсан.  ҚазАқпарат — «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Астана қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері «героин» есірткі затын өткізу арнасының қызметін тоқтатты, деп  ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлы Дала көшесінде жедел іс-шаралар өткізу кезінде бұрын есірткі қылмысы үшін бірнеше рет сотталған 47 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында ас үй тартпасынан ақшыл түсті түйіршікті консистенциясы бар полиэтилен пакет және электронды таразы табылды.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар салмағы 88,89 грамм «героин» есірткі заты болып табылады.

«Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды», — деп хабарлайды ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басғармасының бастығы, полиция полковнигі Рустам Гасизов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *