АСТАНА, 22 желтоқсан. Оңтүстік округтік әскери сот Красноярскідегі жексенбілік мектептің мұсылман құқығы пәнінің мұғалімін жария түрде терроризмге шақырып, азаматтарды лаңкестік әрекеттерге тартқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп аймақтық ФҚҚБ таратқан хабарламасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.
«Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оны 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды», — делінген хабарламада. Ол Ресей Қылмыстық кодексінің 205.1 бабының 1.1-бөлігі («Тұлғаны террористік қызмет жасауға тарту немесе өзге де тарту») және 205.2 бабының 2-бөлігі («Террористік әрекеттерге жария түрде шақыру») бойынша кінәлі деп танылды.
ФҚҚ мәліметінше, ер адам «ВКонтакте» желісінде «Ислам мемлекеті»* лаңкестік ұйымының әрекетін ақтайтын бейнероликтерді таратқан , сонымен қатар өз мектебінің мүшелерін Сириядағы содырлар жағында соғыс қимылдарына қатысуға көндірген.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым