АСТАНА, 22 желтоқсан. Елорда тұрғыны «Ш»-ға қатысты Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енді.
Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау фактілері бойынша кінәсін дәлелді.
Ол 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметі