НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр. Алжир армиясы сейсенбі күні Алжир астанасының оңтүстік-батысында орналасқан Айн-Дефла уәлаятындағы лаңкестердің қолбасшысын жойды, деп елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады.
Өлтірілген лаңкес 47 жастағы «Әбу әл-Аббес» деген лақап атымен белгілі Серб Ахмед болды.1997 жылы ол лаңкестік топтарға қосылып, Шлеф, Айн-Дефл, Тиссемсилт және Медеяда әрекет ететін лаңкестердің жетекшісі болды, делінген хабарламада.
Бұл операция барысында қауіпсіздік күштері тапанша-пулемет, екі бинокль және үш ұялы телефонды да тәркілеген.
Алжир лаңкестердің басып кіруіне және қару-жарақтың жеткізілуіне жол бермеу үшін Мали және Ливия шекараларына он мыңдаған әскер жіберді.