НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр. Бейсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Джаузджан провинциясында тәлібтердің тобына жасалған әуе шабуылының салдарынан 21 содыр жойылды. Бұл туралы солтүстік аймақтағы әскер өкілі Мохаммад Ханиф Резаяға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады .
Шенеуніктің айтуынша, бейсенбі күні таңертең әскери ұшақтар Джаузджан провинциясындағы Манджик аймағының екі шетіндегі тәлібтердің баспаналарына бомбалар лақтырды, нәтижесінде 21 содыр қаза тапты.
Қауіпсіздік күштері елдің басқа аймақтарындағы содырларға шабуыл жасауды жалғастыруда.
«Талибан» қозғалысы (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) болған оқиғаға әлі түсінік берген жоқ.