Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматы облысының тұрғыны бақшасында қара сора өсірген

АЛМАТЫ, 23 мамыр. Алматы облысының тұрғыны бақшасындағы жер телімінде мың түп қара сора өсіргендігі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің оңтүстік өңірінде жылы күндердің тұрақталуымен құрамында есірткі бар өсімдіктерді  егіп-өсіруге деген  әрекеттер қолға алына бастайды.

Алматы облысының есірткі полицейлері жедел ахуалды зерделеу және пысықтау нәтижесінде өзінің бақшасындағы жер телімінде 1259 түп қара сора еккен, Қарасай ауданы Қолды  ауылының жергілікті тұрғынын анықтады.

Заңсыз плантация  ғылыми-аграрлық  тұрғыда егілген, яғни өсімдіктерді қоректендіру және тамшылап суару әдісі қолданылған. Бұдан әрі өсімдікті толыққанды суару көзделген.  Қара сора плантациясын көршілерден жасыру үшін екі метрлік  қоршаумен қоршалған.

Ұсталған адамның үйіне және шаруашылық құрылыс жайларына тінту жүргізу барысында кептірілген марихуана салынған үш  пакет, сондай-ақ қара сора дәндері бар пакеттер табылды.

Қара сора өсірілген плантация жойылды.

Кінәлі тұлғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 330-бабы (құрамында есірткі бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша  қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап бойынша жаза екі мың АЕК  дейін айыппұл салуды, түзеу жұмыстарын, екі жылға дейін бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *