Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомалиде Ораза айт мерекесі кезінде жарылыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Сомалияның оңтүстік-батысындағы Байдабо қаласында жол бойындағы минаның жарылысы салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды, деп полициядағы дереккөзге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды.

Жасырын болып қалуды қалаған полиция қызметкері Ораза айт мейрамын тойлау кезінде Байдабо қаласының шетіндегі лагерь жанында мина жарылды деп мәлімдеді.

Сомали Үкіметінің ресми өкілі Исмаил Мұхтар Омар Синьхуа тілшісіне орын алған оқиғаны растап, жарылыс адамдардың Ораза айт мерекесін атап өту кезінде болғанын айтты.

«Дәстүрлі мерекелік іс-шаралар кезінде біз қатты жарылыстың дауысын естідік, содан кейін ауаға түтін будағы көтерілді. Қауіпсіздік мақсатында біз жан-жаққа қашып кеттік. Зардап шеккендер көп болды», — деді куәгерлердің бірі Гани Ибрахим Синьхуа тілшісіне телефон арқылы.

Әзірге жарылыс үшін жауапкершілікті бір де бір топ мойнына алған жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *